NASA аппараты Юпитердің жаңа суретін жақыннан түсірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Юпитер жүйесін зерттеумен айналысатын «Юнона» планетааралық стансасы жерге осы планетаның жаңа суретін жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат nasa.gov сайтына сілтеме жасап.
Сурет 3 қараша күні апараттың планетаға жақын келгенінде кейін түсірілген, деп мәлім етті NASA.
Суретті түсірген уақытта «Юнона» Юпитер бұлттарының үстінде 104,6 мың шақырым қашықтықта болған.
Құрылғы Юпитердің оңтүстік жарты бөлігін түсірген. Суретте полюс маңындағы қуатты циклондар, сонымен қатар қызғылт сары жолақ пен полярлық аймақ арасында орналасқан бей-берекет жөңкілген бұлттар көрініп тұр.
Айта ктерлігі, «Юнона» Юпитердің орбитасына 2016 жылдың 4 шілдеде ұшып жетті. Ол планета орбитасында әлі бірнеше жыл тұрақтап, Жерге жаңа суреттерді жіберіп отырады. Жұмыс аяқталған соң зондтың көзі жойылады.
- Ямайкалық бойжеткен «Әлем аруы 2019» атанды
- Қыста адамдар аз жұмыс істеуі керек - ғалымдар
- Францияда дауыл салдарынан 110 мыңнан астам үй жарықсыз қалды
- Ирандық «Дутар» музыкалық аспабы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енді
-
Британиядағы сайлау: Борис Джонсонның партиясы парламентте абсолютті басымдыққа ие болды
-
Пәкістанда бензин тасымалдаушы көлік автобуспен соқтығысып, 15 адам қаза тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам