NASA аппараттары Марсқа ірі метеориттің құлағанын анықтады

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – NASA-ның Марстағы бірі бетінде, екіншісі орбитадағы екі ғарыш аппараты бұрын-соңды болмаған алып метеориттердің құлауы мен соққылардан пайда болған кратерлерді тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Американың PBS қоғамдық хабар тарату қызметіне сілтеме жасап.

Екі үлкен соққыдан мұз кесектері пайда болды. Бұл жаңалық зерттеушілерге болашақ астронавтар Марстың табиғи ресурстарын пайдалана алатын амалдарды табуға көмектеседі.

Insight зерттеу аппараты сейсмикалық дүмпулерді өлшеді, ал Mars Reconnaissance орбиталық станциясы пайда болған кратерлердің суреттерін ұсынды.

«Екі соқтығыстың сейсмикалық деректері Марс қыртысының тығыздығын танытып отыр. Біз үшін Марстың көбіне жұмбақ болып қалып отырған ішкі құрылымы мен динамикасын түсіну үшін әлі көп уақыт керек», - деді зерттеуге қатысқан Швейцариядағы геофизика институтының өкілі Доен Ким.

Ғалымдар Еуропа мен Қытайдың болашақ қондыру аппараттары бұдан да жетілдірілген сейсмометрлермен жабдықталып, Марстың қалай дамығаны туралы нақтырақ мәлімет беретінін мәлімдеді.

InSight қондырғыш модулі Марстың экваторлық жазығына 2018 жылы қонып, содан бері 1 300-ден астам соққыны тіркеген. Аппарат қуатының таусылуына байланысты миссиясын аяқтайды, өйткені оның күн панельдерін шаңды дауыл басқан. Мамандардың айтуынша, қондырғышта электр қуаты таусылғанға дейін әлі 4-тен 8 аптаға дейін уақыт бар.




Фото: pbs.org




Соңғы жаңалықтар