NASA алғаш рет Марстағы желдің дыбысын жазып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың ғаламшараралық InSight зонды алғаш рет Марс желінің дыбысын жазып алып, Жерге жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат NASA-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 26 қараша күні АҚШ-тың Ұлттық әуеде ұшу және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) InSight аппараты Қызыл ғаламшарға қонған болатын.

Бірінші желтоқсанда InSight аппаратының датчиктері «желдің екпінінен туған төмен тербелісті гуілді» жазып алған. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай секундына 5-7 метр жылдамдықпен ескен.

Марсты зерттеу ғылыми бағдарламасының басшысы Брюс Банердттің айтуынша, бұл «жоспардан тыс қуаныш» болды. «Миссияның басты міндеттерінің бірі Марс бетіндегі қозғалыс параметрлерін өлшеу еді. Әрине, бұған дыбыс толқындарынан туған қозғалыс та кіреді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар