+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

НАСА 60 жыл ғарышты зерттеп, тамаша фотосуреттерді жария етті

2019 жылғы 5 қыркүйек 18:37
Бөлісіңіз:
НАСА 60 жыл ғарышты зерттеп, тамаша фотосуреттерді жария етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Былтыр НАСА 60 жылдығын атап өтті, ал биыл айға алғаш қадам басқандарына 50 жыл толғанын тойламақ, бұл туралы CNN хабарлайды.

Осы онжылдықтар еңбегін көрсететін – НАСА жариялаған суреттер. Биыл «НАСА бейнеқоры: ғарышта 60 жыл» кітабы жарыққа шықты, онда 400-ден астам ғарышта түсірілген ең үздік суреттер жарияланған.

Кітап авторларының бірі Пирс Бизони «Суретке түсіру ең басты миссия емес, әрине. Ең алғаш адаммен бірге ұшқан капсула «Меркурийда», тіпті, терезе де болмаған. Ал кейін ғарыштың бейнесін карточкаға түсіру басталды. Астронавтар Hasselblad камерасымен бірге ұшатын болды» дейді.

Басылымның жазуынша, айға алғаш рет «Аполлон-11» қонған кезде де дәл осы Hasselblad швед камерасымен тарихи суреттер түсірілген. Оның алғашқысы – Нил Армстронгтың айдағы суреті, екіншісі – Базз Олдриннің айға аяқ басқаны.

Ал 1990 жылдан бастап «Хаббл» ғарыш телескопы суреттерді түсірген. 2021 жылы Джеймс Уебб телескопы шығарылады. «Ол Жер ғаламшарынан өте алыс қашықтықты түсіре алады, бірақ бұл телескоппен жұмыс істей алатын кәсіби мамандар аз», - деді Бизони.

Дәл осы 60 жылда түсірілген бірнеше тарихи суретке зер салайық:








Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT