NASA 2028 жылы Айға адам жібереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA аэроғарыш қызметіне Айға адам апаратын әуе кемелерін жасауды тапсырды. Агенттік сайтындағы хабарламаға сүйенсек, NASA 2024 жылы кемелерді сынақтан өткізуді бастап, 2028 жылы Айға адам жібермек.

«NASA басшысы Джим Брайденстайн мен Ғарыш агенттігінің шенеуніктері Вашингтонда кездесіп, Айға адам жіберу жобасын талқылады», деп жазылған агенттік сайтында.

Айта кету керек, 2017 жылдың желтоқсан айында Дональд Трамп Айға адам жіберу жобасының құжатына қол қойған еді. Бірақ сол күннен бері еш прогресс байқалмаған болатын.

Соңғы жаңалықтар