Нарықты реттеу қиын: Серік Жұманғарин жалдамалы пәтер бағасына пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалдамалы пәтер бағасын реттеу өте қиын. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іс жүзінде бұл - бәсекеге толы әрі дүрлікпелі сала. Әрине, оны қандай да бір қатаң қадағалау және реттеу арқылы ретке келтіруге болады. Бірақ, одан кейін оны бақылау әрі мониторингілеу қиынға түседі. Біз әр азаматқа барып, қандай баға қою керектігін айта алмаймыз ғой», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, бәсеке жоғары нарықты реттеу өте қиынға түседі.

«Үстем құрылымы бар, монополистері бар нарықты реттеуге болады. Онымен айналысып та жатырмыз. Бірақ, сатушылар көп болғанда, оларды қалай реттейсің? Әзірше, 100 пайыз деп айта қоятындай жауабым жоқ», - деді Серік Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар