Нарықтағы дәрі-дәрмектің 35 пайызы Қазақстанда шығарылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан нарығындағы дәрі-дәрмектің 35 пайызы отандық өндірушілерге тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, 8 жыл бұрын бұл көрсеткіш 15-ақ пайызды құраған. Ал қазір ел кәсіпкерлері препараттарын әлемнің 10 еліне экспорттап отыр. Алдағы уақытта отандық дәрілер Вьетнамға да сатылатын болады. Айта кетейік, тек былтыр ғана қазақстандық өндірушілер 100 жаңа препаратты қолданысқа енгізді.

«Отандық дәрі-дәрмектердің тізімін ұлғайту керек. Біздің кәсіпкерлер жаңа технологияларды енгізіп, Қазақстан мен шет мемлекеттерде сұранысы жоғары препараттарды өндіріп жатыр. Олардың сапасы жоғары, халықаралық стандарттарға сай келеді. Ал бағасы шетелдік баламаларға қарағанда әлдеқайда арзан. 2023 жылға дейін елімізде сатылатын дәрілердің 80 пайызы отандық өндіруішлерге тиесілі болады деген жоспарымыз бар», - дейді «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов.   

Соңғы жаңалықтар