Нарық теңгедегі ұзақ мерзімді депозиттердің мөлшерлемелеріне түзету енгізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2020 жылдың қараша айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазан айына арналған мөлшерлемелермен салыстырғанда шекті мөлшерлемелерге қатысты өзгерістер ұзақ мерзімді депозиттер бойынша орын алды. Бұл мөлшерлемелер нарықтағы өзерістерге байланысты есептеледі, яғни олардың жоғарылуын немесе төмендеуін банк секторы қалыптастырады.

«12 және 24 айға шақталған мерзімді депозиттер бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеуі нәтижесінде олар бойынша шекті мөлшерлемелер сәйкесінше 0,4 және 0,1 пайызды тармаққа азайды. Төмендеуге қатысты бұл үрдіс банктердің дәл осы депозиттерге деген қызығушылығының төмендігін көрсетеді. Өйткені жинақ депозиттермен салыстырғанда олардың ұтқырлығы жоғары», – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы деңгейінде қалды.


Соңғы жаңалықтар