+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

«Нартай» фильмінің саундтрегін мен жазған жоқпын - Ақтоты Райымқұлова

2021 жылғы 14 мамыр 14:05
Бөлісіңіз:
«Нартай» фильмінің саундтрегін мен жазған жоқпын - Ақтоты Райымқұлова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова режиссер Гүлнәр Сәрсенованың «Нартай» фильміне қандай қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Cемейде 177 жылдық тарихы бар ғимараттың бұзылуына байланысты тергеу жүргізілмек Ауылдағы мәдениет ұйымдарында кадр жетіспейді - Ақтоты Райымқұлова Ақтоты Райымқұлова жалақының көтерілуі мәдениет қызметкерлеріне қалай әсер еткенін айтты

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде БАҚ өкілдері Мәдениет және спорт министрінен «Нартай» фильмінің саундтрегін жазғаны үшін қанша қаламақы алғанын сұрады.

Ақтоты Райымқұлова әуелі өзінің министр лауазымымен бірге ғылыми және шығармашылық істермен айналысуға құқылы екенін еске салды.

«Мемлекеттік қызмет туралы заңның баптары бойынша мемлекеттік қызметшілер педагогикалық, ғылыми және шығармашылық жұмыстармен айналысуға құқылы. Мысалы, сіздер журналист болып жүріп, министрлікке тағайындалсаңыздар немесе мелекеттік қызметке келсеңіздер, өз мамандығыңыз бойынша журналистік жұмысыңызды тоқтатпайтын шығарсыздар. Сол сияқты мен музыка саласының маманымын», - деген министр «Нартай» фильмін түсірушілерден ешқандай қаламақы алмағанын мәлімдеді.

«Композитор ретінде көп шығарма жаздым. Бірақ «Нартай» фильмінің саундтрегін жазуға ұсыныс кезінде түскен болатын. Мен одан бас тарттым және қабылдамадым. Сондықтан ешқандай қаламақы алған жоқпын, музыкасын да жазған жоқпын. Бұл – жалған ақпарат», - деді Ақтоты Райымқұлова


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT