Нартай Бекежанов театрына академиялық мәртебе берілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына академиялық мәртебе берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры» КМҚК-на Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы №800 қаулысымен «Академиялық» мәртебесі берілді. Бұл жаңалық - Сыр елі мәдениеті мен өнерінің деңгейі мен сала мамандарының тынымсыз еңбектерінің жемісі деп білеміз», - деді басқарма басшысы.

Өнер ордасы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген спектакльдерді көрермен назарына ұсынып келеді. Соңғы жылдарда Темірбек Жүргенов туралы «Темір нарком», атақты ақын Абай Құнанбаев туралы «Абай» спектакльдері көпшілікке жол тартты.

Академиялық театр - жетекші және тарихы бай театрларға берілетін құрметті атақ. Ол 1919 жылдан бастап енгізілген. Алғашқы академиялық театр атағы Ресейдің байырғы музей және драма театр ұжымдарына берілді. Елімізде 1937 жылы Қазақ драма театрына, 1941 жылы Қазақтың опера және балет театрына осындай мәрте берілді. Сондай-ақ, бүгінде мұндай мәртебеге Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры ие болған.

Нартай Бекежанов атындағы театр іргесі 1955 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандарындағы жергілікті театры негізінде ұйымдастырылған. 1960 жылы театр Қызылорда қаласына көшірілді. 1970 жылы Нартай Бекежановтың есімі берілді.

Сондай-ақ, Қызылордада жас өнерпаздар дәстүрлі ән және күй орындауда сынға түсті.

Соңғы жаңалықтар