Нариман Табынбаев пен Жандарбек Бекшин қандай вакцина салдыратынын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қандай вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нариман Табынбаев өзінің коронавирус жұқтырып, жазылып шыққанын жеткізді.

«Мен жақында ауырып тұрдым. Таяуда антиденелерге титр тапсырдым. Талдау қорытындысы бойынша оның мөлшері жақсы. Біраз уақыт өткен соң тағы тапсырып көремін. Егер қажеттілік болса, ресейлік «Спутник У» вакцинасын салдырамын», - деді Нариман Табынбаев.

Ал Жандарбек Бекшин коронавируспен 7 ай бұрын ауырғанын айтты.

«Көрсетілім бойынша 6 ай өткен болса, міндетті түрде екпе алу керек. Алайда вакцина өте аз, жеткіліксіз. Мен қазақстандық отандық вакцинаны QazCovid-In салдырамын деп отырмын. Себебі, мен үшін тұңғыш қазақстандық вакцинаның сапасы қызықтырады. Бұл вакцинаны 70 жылдық тарихы бар институт шығарып отыр. Сондықтан мен мамандарға сенемін», - деді Бекшин.


Соңғы жаңалықтар