Нариман Мақұлбеков - Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы

None
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен аталған қызметке Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы келді.

Н. Мақұлбеков мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өтті. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шиелі ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Әр жылдары прокуратура саласында тергеуші-стажердан бастап, Қармақшы, Қазалы аудандарының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасында басшылық қызметте болды.

Жаңа қызметіне дейін ол ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар