Нанотехнология: Алматыда ғалымдар асфальттің жаңа түрін сынап көреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда асфальтбетонды жабынның жоғарғы қабатына көміртекті наноұнтақ қосылған тәжірибелік алаң салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласында Төле би көшесінің бойында (Өтеген батыр мен Саин көшелерінің аралығы) ҚазжолҒЗИ мамандары асфальтбетонды жабынның жоғарғы қабатына көміртекті наноұнтақ қосылған тәжірибелік алаң (ұзындығы - шамамен 100 м) салды.

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ мәліметінше, бұл жұмыс «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен жасалған «Нормативтік -техникалық базаны жетілдіру бөлігінде жол қызметін басқару бойынша жұмыстар» келісімі аясында жүргізіліп жатыр.

«Негізгі мақсат - тәжірибелік-экспериментті зерттеу нәтижесі бойынша көміртекті наноұнтақ қоспасын енгізу арқылы жол битумы мен асфальтбетонның техникалық сипаттамаларын жақсарту»,- делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, көміртекті наноұнтақ қосылған битум мен асфальтбетон өндірісі «Асфальтбетон-1» ЖШС базасында жасалған.


Соңғы жаңалықтар