«Намыс» партиясы құжаттарын қайта тіркеуге берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Сенат кулуарында жаңа саяси партияларды тіркеу процесі қалай жүріп жатқаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін Әділет министрлігіне құжат тапсырған үш партияның екеуі әлі өздерінің ұйымдастыру жұмыстарын өткізіп жатыр. Ал «Намыс» өз құжаттарын қайта тіркеуге берді. Өйткені оларға бұрын берген хабарлама тиісті жұмыстар уақытында аяқталмағандықтан күшін жойды. Қазір қайтадан жұмыстарын ұйымдастырып жатыр», - деді министр.

Сондай-ақ, ол «Алға, Қазақстан» партиясы неге тіркеуге алынбай жатқанын түсіндірді.

«Алға, Қазақстан» партиясының мәселесі белгілі. Олардың тапсырған құжаттары заңға сәйкес келмейді, сондықтан қабылданған жоқ. Ол партияны ұйымдастырушы топ Әділет министрлігінің әрекеті заңға сәйкес келмейді деп сотқа берген. Соттың шешімі бойынша біздің шешімізді заңды деп танылды.

Заң бойынша ұйымдастыру тобы мен бастамашы 1000 адамның ішінде әскери адамдар, құқық қорғау органдарының адамдары, кәмелетке толмаған адамдар болмауы керек. Сол тізімдерінен осындай бұзушылықтар олар құжат тапсырған сайын табылып жатыр. Олар өздерінің құжаттарын дұрыстап, заңның талабына сәйкес келтірмесе, әрине, шешім сондай болады», - деді Әділет министрі.


Соңғы жаңалықтар