Наиль Ахметзакиров ҚР Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Наиль Ахметзакиров осыған дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы қызметін атқарған.


Фото: academy-gp.kz
Соңғы жаңалықтар