Нағыз халықтық шешімді жасаған Елбасына ризашылығымызды білдіруіміз керек - Бекболат Тілеухан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер комиссиясын құру туралы нағыз халықтық шешімді шығарған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығымызды білдіруіміз керек. Бұл туралы бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан мәлім етті.

«Қандайда бір мәселені ақыл-парасатпен шешу керек деп ескерте отырып, жер реформасы бойынша комиссия құру туралы нағыз халықтық шешімді шығарған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығымызды білдіруіміз керек деп ойлаймын. Бұл еліміздің демократиялануы жолындағы соны үрдіс болды, комиссия бірнеше ай бойы жүргізген жұмысы ауқымды әрі нәтижелі болғанына барлықтарыңыз куәсіздер. Сындарлы сұхбат орын алды. Әрбір комиссия мүшесі шын мәнінде нақты нәтижеге қол жеткізу жолында жұмыс істеді. Сонымен қатар комиссия аясында құрылған мына 4 жұмыс тобының атсалысуымен көлемді жұмыстар атқарылды. Кұн тәртібіне жер мен халықтың тағдыры шығарылғандықтан, халық тыс қалған жоқ, өз ойларын білдірді. Барлық пікірлер қаралып, сараланды»,-деді депутат.

Сондай-ақ оның пкірі бойынша, жерді жалға беруге қатысты мораторийді 5 жылға созуды қолдау қажет.

«Менің пайымдауымша, жерге қатысты түйінді мәселелерді бір сәтте, түбегейлі шеше салу мүмкін емес. Ел мүддесіндегі мәселе де жүйелі түрде қаралуын талап етеді. Өйткені үш айда біз халықтың пікіріне қанықтық, бұқара талабы, халықтың ауаны белгілі болды. Елдің көкейіндегі түйткілді мәселелерді шешудің ең бір ұтымды әдісін жаңа Асқар Исабекұлы (Мырзахметов, комиссия төрағасы - ред.) айтып өткен сияқтысыз, шынында да 49 жылға беру орнында қалса, шекті мөлшері, жайылым, шабындық мәселелері айтылды. Соның ішінде айрықша елдің көкейінде негізгі жердің шетелдіктерге жалға берілуіне қатысты, жердің сатылуына байланысты бірден шешіле салатын нәрсе емес, оған мораторий жариялап, оған тоқтауы қажет деген мәселені біз де ұсынған болатынбыз. Алдағы уақытта жерге қатысты мәселелерді байыппен, асықпай, шешімін таппаған барлық мәселелерді шешу бойынша кешенді жұмыс жасауымыз керек. Сонымен бірге енді мына «күлтөбенің басында күнде жиын» жасай берудің қаншалықты қажеті бар деп ойлаймын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасайтын уақыт келген сияқты», - деді Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі.

Соңғы жаңалықтар