Нағашы атасының азғындық әрекеті туралы жазған қызға қатысты полиция мәлімдеме жасады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облыстық полиция департаменті нағашы атасының азғындық әрекеттері туралы жазған Шу қаласының 19 жастағы тұрғынына қатысты мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысы Шу қаласының 19 жастағы тұрғынының нағашы атасының азғындық әрекеттері туралы жазған мәлімдемесі жарияланған болатын. Соған байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлама жасады.

«Мұндай деректің Жамбыл облысы Полиция департаментінде тіркелмегенін, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша түрде арыз түспегенін хабарлаймыз. Аталған ақпаратты жазған азаматшаны Жамбыл облысы Полиция департаментіне келуін немесе 43-14-03 сенім телефондары бойынша хабарласуын сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар