Надежда Морозова конькимен жүгіруден төртқұрлық турнирінде «алтын» алды

None
КВЕБЕК. ҚазАқпарат - Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасы Канаданың Квебек қаласында өткен төртқұрлық турнирінде тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Надежда Морозова 1500 метр қашықтыққа жүгіруден бірінші болды. Екатерина Айдова бағдарламаның осы түрінде екінші орын иеленді.

Дмитрий Морозов 1500 метрге жүгіруде екінші нәтиже көрсетті.

Бұған дейін Виталий Щиголев – алтын (5000 метр), ал Надежда Морозова күміс (3000 метр) медальдар жеңіп алған еді.


Фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар