«Национальный интерес» бағдарламасы көрерменге жол тартады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін 22:30-да «Хабар» телеарнасында «Национальный интерес» бағдарламасы көрерменге жол тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбат форматындағы жоба экономика, саясат, мәдениет басқа да өзекті тақырыптарды қамтиды. Бағдарлама авторы әрі жүргізушісі – Ерлан Бекхожин.

«Национальный интерес» - экономика, саясат және мәдениет салаларын Қазақстанның дамуы тұрғысындағы телевизия бағдарламалар циклі.

«Қоғамдық пікір – халықтың сенімін жаулап алатын бірден-бір саяси құрал. Соңғы бес жылда қоғамдық пікірдің қалыптасуына әлеуметтік желі және месседжердегі ақпарат септігін тигізуде. Алайда, әлемді шарпыған пандемия өз кезегінде қоғамдық пікір қалыптастырудың құралдарына ықпалын тигізді. Карантин кезеңінде мемлекеттік БАҚ-тың ресми жаңалықтарының рейтингі өсті. Адамдар Ғаламторда жалған ақпараттың көптігіне көз жеткізді, қажетті мәліметті сенімді ақпарат көзінен алудың маңызы артты», делінген хабарламада.

Сұхбат бағдарламасын ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғам назары қашан да министрлер мен әкімдердің қызметіне түсетіндіктен, жобаның спикерлері ретінде Министрлер кабинетінің мүшелері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері шақырылады.

Көрермен өз тарапынан қатысушыға сұрақ қойып, әлеуметтік желі арқылы хабарлама жібере алады. Келесі аптадағы спикердің есімі көрерменге талқыланатын сұрақтарды айқындап алуға мүмкіндік беру үшін алдын ала жарияланады.


Соңғы жаңалықтар