Нью-Йорктің Times Square алаңында Imanbek-тің суреті жарияланды

None
Фото: instagram.com/imanbekmusic/
АСТАНА. ҚазАқпарат – Нью-Йоркте қазақстандық диджей Imanbek-тің фотосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жерлесіміз, «Грэмми» сыйлығының иегері Imanbek Times Square алаңындағы экранда жаңа туындысын жарналап тұр. Ол америкалық әнші Дэниел Тревормен дуэт құрған.

Сондай-ақ, диджей Instagram парақшасында алғыс айтып, жаңа синглды тыңдауға шақырды.

Иманбектің әлеуметтік желідегі жазбасының астына қолданушылар «Тек қана сәттілік тілеймін. Аман бол!», «Тіл көзден сақтасын», «Алға Иманбек, алға Қазақстан», «Біздің мақтаншымыз», «Жарайсың» деген секілді жылы лебіздерін қалдырған.

Еске салайық, 2021 жылы қазақстандық музыкант Imanbek SAINt JHN атты әншінің «Roses» әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды.

Ал былтыр Imanbek-тің туындысы 1 млрд мәрте тыңдалғаны үшін Spotify сыйлығын жеңіп алған болатын.

Одан бөлек, Иманбек GQ журналының «Жыл жаңалығы» аталымын жеңіп алған еді.


Соңғы жаңалықтар