Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш Ниязбеков туған жері Қазығұртта болды - ОҚО

2018 жылғы 16 қаңтар 16:00 118
Бөлісіңіз:
Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш Ниязбеков туған жері Қазығұртта болды - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласының ең үздік полицейі Димаш Ниязбеков туған жері Оңтүстік Қазақстан облысында болып, Қазығұрт ауданының жұртшылығымен кездесті.  

Өзге елде жүрсе де қазақи қасиетінен айырылмаған тәртіп сақшысына аудан тұрғындары ерекше  құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш Ниязбеков туған жері Қазығұртта болды - ОҚО 

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуде спортшы полицей жастардың сұрағына жауап берді. Өзі туралы баяндап кетті. Димаштың сөзінше, ол Шымкент қаласында дүниеге келгенімен, әкесі Исматтың туып өскен жері - Қазығұрт ауданының  Атбұлақ ауылы.  13 жасында ата-анасы отбасымен мұхит асып, шетелде өмір сүруге шешім қабылдайды. Америкадағы алғашқы жылдар жерлесімізге оңай соқпаған. Дегенмен, өмірге деген құштарлық, жеңіске ұмтылудың арқасында 2 жылдың ішінде ағылшын тілін толық меңгерді. Кейін полиция академиясына түсіп, тәртіп сақшысы атанды. Қысқа уақыт ішінде үлгілі жұмысының арқасында алдыңғы қатарлы полицей атанып үлгерді. Былтыр есірткі сататын қылмыстық топтың серкесін құрықтап, Нью-Йорк қаласының 2017 жылғы үздік полицейі атанды. Димаш Ниязов Лос-Анджелесте  Нұрлан Қояанбаевтың ұсынысымен «Бизнес по-Казаxски в Америке» киносының түсіріліміне де  қатысқан.  Сонымен қатар, ол кәсіпқой бокспен айналысады. Бүгінге дейін  13 кездесу өткізіп, барлығында жеңімпаз болған. Кездесу барысында полицей жас боксшыларға шеберлікті шыңдау сабағын да өтті.

Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш Ниязбеков туған жері Қазығұртта болды - ОҚО 

«Кездесу маған  өте қызықты жағымды әсер қалдырды. Әсіресе жастардың спортқа құштарлығы мені қуантты. Көбісі ағылшын тілін біледі екен. Бұл өте құптарлық жағдай. Себебі әлемдік қарым қатынас тілі болғандықтан осы тілді білген жақсы. Қазығұрт ауылы кішкентай болғанымен мұнда болашақта елдің атын шығарып намысын қолдайтын талантты жастар көп екен. Олар өз мақсатына жететініне сенімдімін. Америкада қазақтар көп, дегенмен мұндағыдай бірін бірі жақсы қолдай бермейді»,- дейді АҚШ полицейі.

Мұхиттың арғы жағынан ата мекенін аңсап келген Димаш Ниязовқа  қазығұрттықтар қамшы ұстатты. Туған жердің сазы есінен шықпасын деп домбыра сыйлады. Абыз ақсақал Иса Телікбаев ақ батасын берді.


Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш Ниязбеков туған жері Қазығұртта болды - ОҚО 
Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш Ниязбеков туған жері Қазығұртта болды - ОҚО 
Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш Ниязбеков туған жері Қазығұртта болды - ОҚО 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Түркістан облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT