Нью-Йорктегі балалар киносының халықаралық фестивалінде 100 фильм көрерменге жол тартпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 ақпан күні Нью-Йорк қаласында Солтүстік Америкадағы осы тектес ең ірі шара - балалар киносының халықаралық фестивалі ашылды. Кинобайқау үш аптадан астам уақытқа жалғасады. Осы уақытта көрермендер 3-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге көруге арналған тура 100 фильмді ұсынады.

Фестивальға анимациялық, көркем толықметражды және қысқаметражды ленталар да қатысуда.

Кинофорумды жапондық режиссер Хиромаса Ёнэбаясидің «Марнидің естеліктері» (When Marnie Was There) фильмі ашты. Фестивальда сондай-ақ "Аардман анимейшнс" (Aardman Animations) британдық мультипликациялық студиясы түсірген «Қозы Шон» (Shaun the Sheep the Movie) лентасы көрсетілмек. Көрермендер Франция режиссері Николя Ваньедің Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жетім бала мен иттің достығы туралы "Белль және Себастьян" (Belle et Sebastien) лентасын тамашалайды. Бұдан басқа, фестивальда оңтүстіккореялық «Бірінші серік пен шұбар сиыр» (The Satellite Girl and Milk Cow) мультфильмі мен Жапония суретшісі Такаши Муракамидің режиссерлік дебюті - «Медузаның көзі» (Jellyfish Eyes) көркем фильмі ұсынылады.

Нью-Йорктегі балалар киносының халықаралық фестивалінің негізі 1997 жылы қаланған. Жыл сайын оған 30 мыңға жуық адам қонақ болуда. Биылғы жылы бұл кинобайқауда ресейлік фильмдер ұсынылған жоқ.

Бес алаңда өтетін фестиваль 22 наурызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар