Нью-Йорктегі атыстан құрбан болғандар саны артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Нью-Йоркте 1828 адамды атып кетті. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 1821-ге жетті. Осылайша, биыл соңғы он жылдан астам уақыттағы ең үлкен қылмыс өсімі байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Нью-Йорк қалалық Полиция департаментінің мәліметтері бойынша, 19 желтоқсанда қаланың бес ауданындағы атыс саны 1526-ға жеткен, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1490 болған.

Нью-Йорк Полиция департаментінің веб-сайтындағы статистикаға сәйкес, 2020 жылы Нью-Йоркте 1868 атыс құрбандары тіркелген.

Нью-Йорк Полиция департаментінің мәліметінше, 2020 жылы атыс құрбандары негізінен саны аз халық өкілдері болды: олардың ішінде 73,9 пайызы қара нәсілділер, 22,5 пайызы латын америкалықтар.


Соңғы жаңалықтар