Нью-Йорктегі атыстан бір адам көз жұмып, 8-і жарақат алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбіде Нью-Йорктегі Гарлем ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ атып, 1 адам қаза тапты және 8-і жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News-ке сілтеме жасап.

Полиция жарақаттанған бес адамды ауруханаға жеткізді. Тағы төрт зардап шегуші медициналық мекемеге жеке көлігімен барған. Жарақаттанғандардың бірі, 21 жастағы баскетболшы алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды. Кейінірек оның Дариус Ли екені анықталды, ол оқиға орнынан бір квартал жерде тұрған. Жаппай атыстың себебі мен күдіктілер туралы ақпарат әзірге жоқ. Полиция оқиға орнынан атыс қаруын тапты.

Бұған дейін Вашингтондағы мерекелік концертте атыс болып, адамдар қаза тапқаны туралы хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар