+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Нью-Йоркте жұмадан бастап Covid-19 вакцинасын алғандарға 100 доллардан төленбек

2021 жылғы 29 шілде 02:29
Бөлісіңіз:
Нью-Йоркте жұмадан бастап Covid-19 вакцинасын алғандарға 100 доллардан төленбек

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Нью-Йорк билігі Covid-19 вакцинасының алғашқы дозасын салдырған тұрғындарға 100 доллардан сыйақы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мэрияның Twitter-аккаунтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда тұмау вакцинасының 65 мың дозасы сатып алынды АҚШ-қа вакцина салдырғандар бара алады Коронавирус: Қызылорда облысында тұрғындардың 73 пайызы вакцина алды

Аталмыш шара алдағы жұмада басталады. 100 доллар алу үшін алдымен City Run арнайы сайтына тіркеліп, содан кейін вакцинация салдыруы керек.

Сондай-ақ, Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио барлық қала қызметкерлерін вакцина егуге міндеттеді. Ал вакцинация жасамағандар ПТР тестінің нәтижелерін үнемі ұсынып отыруы тиіс.

Нью-Йорк мэрінің соңынан аттас штат басшысы да міндетті түрде екпе егу қажеттігін мәлімдеді .

«Нью-Йорк штаты барлық мемлекеттік қызметкерлерге вакцинация немесе тестілеуден өтуді талап етеді», - деп жазды Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо Twitter-де.

Мұнымен қатар шенеуніктердің АҚШ-та қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне дейін вакцина салдыруы тиіс екендігі айтылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT