Нью-Йоркте тікұшақ ғимараттың төбесіне апатты жағдайда қонды: Бір адам көз жұмған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы 54-қабатты ғимараттың үстіне авариялық жағдайда қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc-ке сілтеме жасап.

Тікұшақ ғимарат төбесіне келіп қонғаннан кейін өрт шыққан. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмған.

Нью-Йорк қалалық өрт қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары белсенді жүріп, шыққан өрт сөндірілген.

Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар