Нью-Йоркте такси жүргізушісі велосипедші мен төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте такси жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті, содан кейін тротуарға шығып кетіп, төрт жаяу жүргіншіні қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Бродвей мен 29-көше қиылысында болып, салдарынан алты адам, соның ішінде такси жүргізушісі жараланып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы ауыр.

Құрбандардың екеуі Огайо штатының Колумбус қаласынан, тағы екеуі Мексикадан екені белгілі болды. Билік өкілдерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы көше камераларына түсіп қалған, тергеу барысында қаралатын болады.


Соңғы жаңалықтар