Нью-Йоркте метро стансасын топан су басты

None
None
НЬЮ- ЙОРК. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «28-ші көше» жерасты метро стансасын топан су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Insider Paper басылымы бейсенбі, 2 қыркүйек күні Twitter -де жазды.

Станса Манхэттендегі Флэтайрон кварталында, Бродвейдің 28-ші көшемен қиылысында орналасқан.

Нью-Йоркте аяқ астынан жойқын су тасқыны туралы жарияланды. Қалада нөсер жауын толассыз жауып, суағарларға жиналған су қайта сыртына ағып жатыр. Сондай-ақ, Нью-Йорктегі Мидтаун ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 24 шақырым жердегі Ньюарк әуежайын су басты.


Соңғы жаңалықтар