+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Нью-Йоркте метро пойызы рельстен шығып кетті

2020 жылғы 21 қыркүйек 07:50
Бөлісіңіз:
Нью-Йоркте метро пойызы рельстен шығып кетті

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте метро пойызы жолға тасталған белгісіз затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат abc телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-та ұсталған қазақстандық консулдыққа хабарласпаған – ҚР СІМ Алматы облысында бір ай бұрын жоғалған жасөспірім табылды Пәкістандағы жарылыс: 3 адам қаза тауып, 15-і зардап шекті

Келеңсіз жағдай Манхэттеннің Челси ауданында жексенбі күні таңертең, шамамен 08:15-те болған.

135 адам эвакуацияланды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Солтүстікке бағыт алған пойыз 14St-8th Av станциясынан шыққан бетте пойыз жол полотносында жатқан затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен», - деп мәлімдеді Нью-Йорк қаласы Көлік басқармасының уақытша басшысы Сара Файнберг.

Алдын ала деректерге қарағанда, апатқа байланысты 30 жастағы үйсіз адам ұсталған. Куәгерлердің айтуынша, ол метродағы жолға қоқыс тастаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT