Нью-Йоркте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нью-Йорк сауда палатасы алаңында жергілікті кәсіпкерлерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған форум өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуға қаржылық және банк қызметтері, консалтинг, құрылыс, жылжымайтын мүлік, ақылды қалаларды дамыту, ІТ және өзге де салаларда қызмет атқаратын ірі және орта компаниялардың өкілдері қатысты.

Нью-Йорктегі Бас консулы Жәнібек Әбдірашов қатысушыларға инвестиция тартудағы тың әдістеріміз және инвесторлармен жұмыс істейтін аймақтық хабға айналатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы жөнінде баяндады. Өткен жылы Қазақстанға құйылған инвестиция мөлшері 15,8 процентке артып, 24 миллиард долларға жеткен.

«Америка бизнесі жағынан қызығушылық бар, бұл тұста Қазақстанда жақсы механизм құрылғаны маңызды. Үйлестіруші Кеңес инвесторлардың елімізде туындаған бар мәселелерін шешумен айналысады. Осындағы біздің мақсатымыз тек ірі бизнесті ғана емес, инвестициялық мүмкіндіктері бар орта және шағын бизнесті бағыттау болып тұр. Олар қаражатын өзге елдерге салып жүр, өйткені Америка - кең нарық, ал Нью-Йорк - әлем деңгейіндегі нөмір бірінші қаржы орталығы. Мұнда өте көп компаниялар бар»,-деді ҚР Нью-Йорктегі бас консулы.

Соңғы жаңалықтар