Нью-Йоркте Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Ең аз дамыған елдер, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер және шағын аралдық дамушы елдер бойынша Жоғары өкіл Фекитамоелоа Утоикаманумен кездесті.

Бас хатшының орынбасары Қазақстанға теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобы аясындағы республикамыздың белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы БҰҰ өкілін теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобында 2020 жылғы 1 қаңтарда басталатын алдағы төрағалық ету аясындағы Қазақстанның жұмыс басымдықтары туралы хабардар етті. Теңізге шыға алмайтын ең ірі мемлекет ретінде біздің еліміз Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін осы топта көшбасшы болуға ниетті.

Тараптар Қазақстан бастамашылық жасаған теңізге шыға алмайтын дамушы елдер үшін 2004-2014 жылдарға арналған Алматы іс-қимыл бағдарламасы және 2014-2024 жылдарға арналған Вена іс-қимыл бағдарламасының халықаралық ынтымақтастыққа елеулі үлесін атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы М. Тілеуберді БҰҰ Бас Хатшысының Орынбасары - Лаңкестікке қарсы басқармасының басшысы (ЛҚБ) Владимир Воронковпен келіссөздер өткізді.

Министр сұхбаттасын Қазақстанның терроризмге қарсы іс-қимылдарымен таныстырды. Қазақстан тарапы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін мінез-құлық кодексін алға жылжытқаны үшін ЛҚБ-ның көрсеткен қолдауына ризашылығын білдірді. Бүгінгі таңда Кодекске 84 мемлекет қосылды және Қазақстан оны әмбебаптандыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

БҰҰ өкілі Қазақстанның қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі күш-жігерін жоғары бағалады, сондай-ақ ЛҚБ-мен белсенді ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. ҚР азаматтарын қақтығыстар аймақтардан қайтарған «Жусан» операциясын өткізу бойынша жемісті жұмыс аталып өтті, бұл әлемнің көптеген елдері үшін үлгі бола алады.

Тараптар БҰҰ қамқорлығымен жоғарыда аталған операция туралы деректі фильм түсіру және лаңкестікке қарсы күреске елдерді шақыратын арнайы PR-кампанияны іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар