Нью-Йоркте бір тәулікте 67 мың адам коронавирус жұқтырған

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Нью-Йорк штатында COVID-19 ауруы бойынша жаңа антирекорд тіркелді - бір тәулікте 67 мың жағдай анықталып, бұл көрсеткіш кешегіден 64%-ға жоғары болды. Бұл туралы сәрсенбі күні штат губернаторы Кэти Хокул мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Hill газетіне сілтеме жасап.

Хокул штат тұрғындарын COVID-19 таралуға қарсы күрес шараларын ұстануға шақырды.

Өткен тәулікте штатта жасалған 362 500-ден астам ковид-тестінің 18,5%-ы оң нәтиже көрсетті, деп хабарлады ол.

Штат билігі өткен тәулікте COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқандардың 10%-ға (шамамен 6,7 мың жағдайға дейін) өскенін және COVID-19 асқынуынан 97 адамның көз жұмғанын мәлім етті. Бұл соңғы бірнеше айдағы рекордтық көрсеткіш.

Хокул штат қызметтері мен ведомство басшыларын «қаңтарда аурудың асқынуына дайын болуға» шақырды


Соңғы жаңалықтар