Нью-Йоркте әлемдегі ең қымбат метро стансасы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Нью-Йорк қаласындағы Төменгі Манхэттен ауданында Дүниежүзілік сауда орталығының жанында орналасқан әлемдегі ең қымбат метро стансасы ашылды.

Стансаның құрылысына 4 млрд. АҚШ доллары жұмсалған - бұл бастапқыда қарастырылған сомадан екі есе дерлік көп. Forbes журналының атап өтуінше, бұл әлемде осындай құрылыстар үшін рекордтық сома болып табылады. Шыны мен бетоннан жасалған ескерткіш құрылысының сәулетшісі - Испанияның суретші-футуристі Сантьяго Калатрава. Оның идеясы жаңа транзиттік тораптың үстіндегі ғимараттың шатырын үлкен ақ құстың қанатына ұқсас ету болған.

Жаңа көлік торабы метрополитеннің 11 желісін, қала маңындағы пойыз стансасын және Бэттери-саябақтың паромдық өткелін қосып отыр. Сондай-ақ күніне 250 мыңға жуық жолаушыға қызмет ететіні шамалануда. Қала билігінің жоспары бойынша ол Америкадағы ең қолайлы және қауіпсіз стансалардың біріне әрі Манхэттеннің жаңа және өзіндік ерекшелігі бар әдемі орнына айналады.

Соңғы жаңалықтар