Нью-Йоркте 21 жасқа дейінгілерге темекі сатуға тыйым салынады

None
None
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте таяуда 21 жасқа толмаған жастарға темекі сатуға тыйым салынады.

Осындай заң жобасын сәрсенбі күні ірі американдық мегаполистің қалалық кеңесі мақұлдады.

Қазіргі уақытта Нью-Йоркте жасы 18-ден асқан адамдар темекі сатып ала алады. Алдағы 30 күннің ішінде заң жобасына темекі тартуға қарсы күрескерлердің бірі, Нью-Йорктің мэрі Майкл Блумберг қол қоюы керек. Одан жарты жыл өткеннен кейін заң күшіне енеді.

Статистика бойынша, Нью-Йорктегі ересек темекі шегушілердің саны соңғы он жылда шамамен үштен бір бөлігіне дейін азайды. 2002 жылы 21,5 пайыздан 2011 жылы 14,8 пайызға дейін төмендеген.

Соңғы жаңалықтар