+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Нью-Йоркта егеуқұйрықтарды алкогольдің көмегімен жоюға кірісті

2019 жылғы 9 қыркүйек 04:11
Бөлісіңіз:
Нью-Йоркта егеуқұйрықтарды алкогольдің көмегімен жоюға кірісті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нью-Йоркке сапар шеккен әр адам бірнеше қызық оқиғаны бастан кешпей қоймайды. Мәселен, Нью-Йорк стиліндегі үлкен пицца тілімінен дәм тату, Бруклин көпірінде серуендеу және де метрода өріп жүретін егеуқұйрықтармен «жақын танысу». Олардың естен кетпейтін себебі, әр егеуқұйрық мысық сияқты үлкен.

Ұқсас жаңалықтар
Мексикада белгісіз біреулер барда отырған бірнеше адамды атып кетті Конгода кит аулайтын кеме суға батып, 34 адам хабар-ошарсыз кетті Оралда қос автокөлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

CNN басылымының хабарлауынша, ұзақ жылдар бойы Нью-Йорк метросында емін-еркін өмір сүрген егеуқұйрықтардың көзін жою ісі қолға алынды. Ол үшін шелек-шелек алкоголь өнімдері «көмекке келмек».

Бруклин ауданының президенті Эрик Адамс БАҚ өкілдеріне егеуқұйрықтарды қалай масайтатындары туралы жан-жақты түсіндірді. Ekomille деп аталатын құрылғы егеуқұйрықтарға тамақ ұсынады, одан кейін алкоголь толы шелекке түсетін жолмен жүргізеді. Әрбір шелек 80 егеуқұйрық сыятын көлемде. Усыз алкоголь өнімі егеуқұйрықтың естен тануына кепіл екен.

Айта кетерлігі, 2017 жылы мэр Билл Де Блазио егеуқұйрықтардан қаланы тазарту үшін 32 миллион доллар тұратын жобаны іске қосқан болатын. Дегенмен, ол бұл аталмыш тіршілік иелерін түбегейлі жоя алмады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT