Нью-Йорк штатында әскери тікұшақ апатқа ұшырады

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Бортында үш адам болған әскери тікұшақ сәрсенбіде Нью-Йорк штатының Монро округінде апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚазАқпарат округтің шериф кеңсесінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Монро округінің шериф кеңсесі үш адам болған әскери тікұшақ Мендондағы (Монро округіндегі қала) алаңға сағат 18:32-де құлағанын растады», - делінген полиция хабарламасында.

News10 телеарнасының хабарлауынша, тікұшақ бортындағылар қаза тапқан.


Соңғы жаңалықтар