Нью-Йорк штаты 10 қару-жарақ компаниясын сотқа берді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Нью-Йорк штатының талап-арызы көшелерді бақылаусыз атыс қаруымен толтырған Brownells, Indie Guns, Primary Arms және Rock Slide сияқты қару-жарақтың жетекші ұлттық дистрибьюторларына қарсы бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News басылымына сілтеме жасап.

Нью-Йорк штатының Бас прокуроры Летицией Джеймс қару-жарақ дистрибьюторларын атыс қаруының санын көбейтті деп айыптады. Нью-Йорк қаласы сонымен қатар заңсыз қару-жарақ компоненттерін сатуды және қалаға жеткізуді тоқтатуды талап етіп, сотқа шағым түсірді. Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл қару ішінара америкалық қалалардың көшелерінде атыс қаруы мен қылмыстың көбеюіне себеп болды деп мәлімдеді.

Талап-арызға сәйкес, мамыр айында атыс қаруын иеленуге заңды рұқсаты жоқ бұрын сотталған ер адам Brownells, Glockstore және Primary Arms-тан жеткізілімдер алған. Сол айда бұл азамат Бронкс округінде бір кісіні өлтіріп, екеуін жаралаған. Өз кезегінде Флорида штатының Орландо қаласындағы адвокат indie Guns бұл талап-арызды «Нью-Йорк тұрғындарының құқығын кезекті рет шектейтін негізсіз әрекет» деп атады.

Талап-арыздар АҚШ Жоғарғы Соты Нью-Йорк штатының қоғамдық орындарда жасырын қару алып жүруді шектейтін Заңын жойғаннан бірнеше күн өткен соң берілді.


Соңғы жаңалықтар