Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязовтың кезекті кездесуі сәтсіз аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның тумасы Димаш Ниязов (13-0-3, 6 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

НьюЙоркте Barclays Center аренасында Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) - Мацей Сулецкидің (26-0, 10 КО) бокс кешінің аясында ол мексикалық Анхель Саринамен (7-7-2, 3 КО) кездесті. Жеңіл салмақта 6 раундқа созылған жекпе-жек Саринаның жеңісімен аяқталды. Төрешілер 59-52, 59-53, 58-54 есебімен жеңісті бірауыздан мексикалыққа берді. Бұл Димаш үшін кәсіби бокстағы 8-ші кездесу болатын және Ниязов осы жолы алғаш рет жеңілді.

Осы ретте Димаштың 5-ші раундта нокдаунда болғандығын айта кету керек.

Осыған дейін тілшілерге берген сұхбатында қазақстандық: «Мен жарқын жеңістерімді одан әрі де жалғастыра бергім келеді. Маған өзімнің атақ-даңқымды әлемге айқындау үшін үлкен алаң керек. Алдыда мен үлкен істер күтіп тұр»,-деген болатын.

Фото: ca-voice.info

Соңғы жаңалықтар