Нью-Йорк пандемияның аяқталуын үлкен концертпен атап өтеді
Вакцина алғандардың саны өсіп, вирус азайып келе жатыр. Соған байланысты Нью-Йорк билігі қалада жанды музыкамен іс-шара өткізуді ұйғарды. Іс-шара бір аптаға жалғасады деп күтілуде.
«Бұл Нью-Йорк үшін таңғажайып, ұмытылмас апта болады», - деді қала әкімі баспасөз мәслихатында. Де Блазио концерттің нақты күнін, сондай-ақ онда өнер көрсететіндерді жарияламады. Дегенмен New York Times іс-шараны 21 тамызда Орталық саябақта өткізу жоспарланған деп мәлім етті.
Музыка индустриясының аты аңызға айналған майталманы Клайв Дэвис барлық жұлдыз өнер көрсететін үлкен іс-шараны жүргізеді.
Таймс концертте вакцина алған және вакцина алмаған көрермендерге де орын берілетінін және билеттердің шамамен 70%-ы вакцина алған музыка әуесқойларына сатылатынын айтты. Айта кету керек, көшелер, мейрамханалар мен саябақтарда қайта тіршілік лебі сезіледі.
Covid-19 салдарынан ұзақ айлар бойы бәрі қаңырап қалған еді. Дүйсенбіде де Блазионың айтуынша, Нью-Йоркте пандемия басталғаннан бері ПТР тестілерінің ең төменгі деңгейі тіркелді - 0,71%. Қалада шамамен 4,5 миллион адам коронавирус вакцинасының кем дегенде бір дозасын алды.
Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо дүйсенбіде жеке баспасөз мәслихатында штат COVID-19-ға қатысты қалған шектеулердің көпшілігін алып тастайды деді. Бұл кезде тұрғындардың 70%-ы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алуы тиіс, бұл қазіргі деңгейден 1,4% -ға аз.