Нью-Йорк музейлері жарты жылдық карантиннен кейін ашылып жатыр

НЬЮ-ЙОРК. EURONEWS - ҚазАқпарат – Нью-Йорктің өнер сүйер қауымы үшін карантин аяқталды: алты ай карантиннен кейін Моне немесе Пикассо туындыларын тамашалап, Джакомметти мүсініне сүйсінуге болады. Осы аптада Манхеттендегі заманауи өнер музейі (МоМА) өз есігін қайта ашты, дегенмен залдарда әзірге адамдар бұрынғыдай көп жиналып жатқан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
«Маған Пабло Пикассо мен Жоржа Сёраның картиналары ұнайды, ол екеуі менің сүйікті суретшім», - дейді жас Элиана. Ал, оның анасы былай дейді: «Музейдің қайта ашылатынын естігенде бірден билет сатып алдым, себебі өз-өзіме былай деген едім: «Біз онда міндетті түрде баруымыз керек».
Метрополитен музейі де жұртшылыққа ашылды, бірақ әзірге онда кіретін адамдар саны шектеулі болып отыр.
«Үлкен алма» музейлерінде қатаң ереже сақталады: мұнда маска тағып, кірерде температура өлшейді және онда бару үшін алдын ала уақыт белгілеуі тиіс. Ал, музейдегі адамдар саны 25%-дан аспауы тиіс. Сондықтан, Метрополитен ашылған алғашқы күні әдеттегідей 30-40 мың адам емес, 10 мың адам келді.
Пандемия салдарынан Нью-Йорктегі музейлер Еуропадағыға қарағанда әлдеқайда шығынға батты. Себебі, олардың бюджеті билет сатылымына байланысты.
Метрополитен жабылған уақыт ішінде 150 млн доллар жоғалтып, 400 қызметкерін қысқартты.
- Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг өмірден өтті
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты
- Павлодар облысында қалааралық және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады
- Манар Смағұл: Вакцинаның шығарылуы – қауіпті індеттің алдын алуға қол жеткізу
-
Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды
-
Ақмола облысында бірнеше мектеп оқушыларына коронавирус мұғалімдерден жұққан
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам