Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.86 EUR 422.97
RUB 5.85 CNY 56.33
Jańalyqtar

Нью-Йорк метросында 10 мың долларын жоғалтқан қазақстандық ақшасын тауып алды

2019 жылғы 12 қаңтар 05:30 811
Бөлісіңіз:
Нью-Йорк метросында 10 мың долларын жоғалтқан қазақстандық ақшасын тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан тұрғыны Нью-Йорктегі метрода ақша толы сөмкесін жоғалтып алған. Ал АҚШ азаматы оны иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS New York басылымына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Толассыз жауған жаңбыр 70 адамның өмірін қиды - ОАР АҚШ тұрғыны лотереядан 768 миллион доллар ұтып алды

Жоғары Вест-Сайд тұрғыны, АҚШ азаматы Ричард Таверна Нью-Йорктегі метроның платформасында ірі көлемде ақша салынған сөмке тауып алған. Сөмкедегі ақшаның көлемі 10 мың АҚШ долларын құрайды, деп жазады америкалық басылым.

Кейінірек сөмкенің иесі Қазақстан тұрғыны Айя Төлемағанбетова екені анықталды.

Жерлесіміздің айтуынша, ол өз ақшасын балаларға Рождество мерекесіне орай сыйлықтар алуға жұмсамақ болған. Бұл өткен айда болған оқиға, алайда ол туралы кеше ғана мәлім болды. Ричард Таверна өзі тауып алған затты қалай болғанда да иесіне қайтару қажет деп шешкен. Ол заттың иесін тауып алып, оның ішіндегінің барлығын толығымен иесіне қайтарып берген.

«Ричард ары таза, кеңпейіл азамат болып шықты. Оның бұл әрекеті менің америкалықтарға деген көзқарасымды өзгертті»,-дейді Айя Төлемағанбетова.

АҚШ азаматының осы әрекетіне ризашылық ретінде ол 10 мың доллардың 1 мың долларын қайырымдылық шарасына жұмсап, Ричардқа «Алтын адамның» мүсінін сыйға тартқан.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT