Нью-Йорк қор биржасын 226 жылдан соң алғаш рет әйел басқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі  айналысы аса ауқымды Нью-Йорк қор  биржасын 226 жылдан соң әйел - Стейси Каннингэм басқаратын болды. 

Сейсенбі күні биржаның баспасөз қызметі оның Томас Фэрлиді ауыстырып, Нью-Йорк қор  биржасының 67 президенті атанғандығын мәлім етті.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, соңғы уақытқа дейін Стейси Каннингэм Нью-Йорк қор  биржасына кіретін NYSE Group компаниясының басшысы болған.

Нью-Йорк қор биржасы 1792 жылы құрылған. Ал 1975 жылдан бастап 1366 дербес мүшесі бар коммерциялық емескорпорацияға айналды.

Соңғы жаңалықтар