Нью-Йорк кино академиясының тәлімгерлері Алматыда шеберлік сыныбын өткізеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Нью-Йорк кино академиясының тәлімгерлері үш күн арнайы сабақ береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Алматы қаласында 7-9 сәуір аралығында КИМЭП университеті базасында кино және телевизия саласы бойынша әлемдегі ең ірі оқу орталығы болып саналатын Нью-Йорк кино академиясының (New York Film Academy) тәлімгерлері шеберлік сыныптарын өткізеді. Ол туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында аталған академияның Қазақстандғы ресми өкілі Әсел Зои айтты.

null  

«Қаржы мәселесіне байланысты барлығы да АҚШ-қа бара алмайды. Сондықтан, мен Қазақстанда барынша көбірек тәлім алғанын қаладым. Ұзақ уақыт келіссөздер жүргізілді. Мен ақыры осыған қол жеткізіп, осы көктемде өткізгелі жатқанымызға шынымен қуаныштымын. «New York Film Academy» академиясынан арнайы келген мамандар Лиззи Сак, әлемге танымал сценарий жазушы, продюссер Пол Браун және аталған академия тәлімгері Лидия Седроне сабақ беретін болды. Бұған дейін біз түрлі кездесулер өткіздік. Бірақ, осыншалықды жоғары деңгейде алғашқы рет өткелі отыр. Келіп отырған адамдар теория айтушылар ғана емес, олар - «практиктер», күнделікті жұмыс жасап жүрген тәжірибелі мамандар. Қазіргі уақытта 60 адам тілек білдірді. Шеберлік сыныбы аяқталғаннан кейін, біз Нью-Йорк кино академиясының сертификатын береміз. 23-24 сағаттық білім беріледі. Студенттер пьеса жазып, рөлдерде ойнайды. Шеберліктерін шыңдайды. Қазіргі уақытта Әсел Садуақасова, Рәзия Хасанова сынды танымал продюссерлер студент ретінде тіркелді», - деді Әсел Зои.

null 

Соңғы жаңалықтар