Нью-Йорк қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады - Сыртқы істер министрлігі

None
None
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Нью-Йорк қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы тиісті жарлыққа  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің 27-інде қол қойды», -деді І. Омаров.

Оның айтуынша, Бас консулдықтың ашылуы консулдық қызмет бойынша мәселелерді шешуге және екі ел азаматтарының жүріп-тұруы мен іскерлік байланыстардың сапалы орындалуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстанның сауда-экономикалық мүдделерін ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар