Нью-Делиде 200-ден астам әуе рейстері мен 560-тан астам пойыз бағыттары кейінге шегерілді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Делиде қалың тұман салдарынан бірнеше әуе рейстері кейінге шегерілді. Ауа температурасының күрт төмендеуі мен 30-40 метр қашықтыққа дейінгі жерлердің нашар көрінуінен таңертегі уақыттарда елдің солтүстігінде әуе және теміржол қатынасының тоқтатылып отырғанына бір апта болды, деп хабарлайды ТАСС.

Диспетчерлік қызметтердің мәліметтерінше, бұл күндері Нью-Делиде 200-ге тарта әуе рейстері мен 560-тан астам пойыз тоқтатылып, немесе белгіленбеген мерзімге кейінге шегерілген.

Үндістанның метеорология департаментінің берген мәліметтері бойынша, 28 желтоқсан Цельсий бойынша 2,6 градус температуралық рекордты көрсеткен ел астанасындағы ең суық күн болып тіркелді.

Ауа райының қолайсыз құбылыстары салдарынан күн сайын күрделі апаттардың саны көбейе түсті, ондаған адамдар опат болып жатыр. Метерологтар болса күннің әзір жылынбайтынын, оны тек күн қаңтар айының бірінші онкүндігінде ғана күтуге болатынын айтуда.

Соңғы жаңалықтар