Н. Нығматулин: Қазақстан Парламенті үшін Латвия балтық аймағындағы стратегиялық әріптес

None
None
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Латвия Президенті Андрис Берзиньшпен кездесті. Жүздесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөле отырып, қазақстандық-латвиялық өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесуде Нұрлан Нығматулин мен Андрис Берзиньш елдер арасында барлық сала бойынша, соның ішінде, сауда-экономикалық, мәдени, білім, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимыл бағыттарында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендіктерін білдірді. Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстанның Орталық Азия аймағында инвестиция тарту бойынша көш бастауға мүмкіндік беретін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастқандығын атап өтті. Төраға парламентаралық бағыттағы әріптестік туралы әңгіме барысында қазіргі уақытта Мәжілісте және Сеймде жұмыс істейтін ынтымақтастық жөніндегі өкілетті топтардың жұмысына жеке тоқталды.

«Парламенттік салалық комитеттер мен достық топтар арқылы ықпалдастықты одан әрі кеңейту керек және бұл өте маңызды»,-деп атап өтті спикер.

Ал Андрис Берзиньш қол жеткен жетістіктер туралы айта келе, Қазақстан мемлекеті мен Елбасының ғаламдық өзекті мәселелерді шешудегі, әсіресе, ауған жағдайына қатысты күш-жігерін жоғары бағалады.

Кездесу барысында сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Андрис Берзиньштің Қазақстанға алғашқы сапары елдер арасындағы соның ішінде, парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың жаңа белесіне жол ашатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар