+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Н.Нығматулин: Ауқымды парламенттік форум Елбасының еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналады

2019 жылғы 9 қыркүйек 10:21
Бөлісіңіз:
Н.Нығматулин: Ауқымды парламенттік форум Елбасының еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесін өткізуге дайындық үстінде.

Ұқсас жаңалықтар
ЕАЭО қаржы нарығындағы үйлестіру шараларына арналған заң жобасы мақұлданды Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтті Мәжіліс тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Твиттер парақшасында хабарлады.

«Мәжіліс Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 толуына орай Еуразия мен Азия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесін өткізуге дайындалуда. Бүгінде 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері ауқымды халықаралық жиынға қатысатындарын растады,-деп жазды Н. Нығматулин.

«Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында халықаралық жиын 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтеді.

Өздерінің қатысуын растағандардың қатарында Еуропа, Аустрия, Болгария, Мажарстан, Германия, Италия, Словакия, Словения, Польша, Франция, Хорватия, Черногория сынды мемлекеттер бар. Азия мемлекеттері қатарында - Ауғанстан, Вьетнам, Үнді, Иордания, Иран, Катар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония елдері бар. ТМД қатысушыларынан Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан делегациялары бар.

Сондай-ақ, бұл ауқымды шараға ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары Парламентаралық одақ, Азия парламенттік одағы, АӨСШК, ИЫҰ басқа да бірқатар ұйымдар қамтылған.

Осы өте маңызды әрі ауқымды парламенттік шара Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр. Басты мақсат – еуразиялық мемлекеттердің заңнамалық органдары басшыларымен жан-жақты диалог орнату, өзара сенімді нығайтып, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту.

Форум аясында жоспарланып отырған көптеген екіжақты кездесулер мен талқылаулар, пікір алмасулар, әр елдің Парламент өкілдерінің күш-жігерін бір арнаға тоғыстырып, өз халықтарының әл-ауқатын көтеруге үлес қосуға ықпал етпек.

Қазақстандық БАҚ өкілдерімен қатар, маңызды шараға «Euronews», «New Europe», «EFE» ақпарат агенттігі, «CNBC Arabia», Қытайдың Global Times, «Синьхуа» ақпарат агенттігі, Ресейдің – «Россия 24», «Первый канал» басқа да ақпарат құралдары қатыспақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT