Н.Назарбаевтың ұсынысына орай түркі тілдес елдер телеарнасы хабар тарата бастайды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бірлескен түркі телеарнасы құрылуда, бұл туралы шешім қабылданды, деп хабарлады ТүркПА-ның әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелері бойынша Комитетінің отырысында Түркі кеңесінің директоры Замин Әлиев.

Ол ҚР Президенті Н.Назарбаевтың түркітілдес елдер басшыларының Саммитінде телеарнаны құру туралы ұсынысынан кейін үйлестіру тобының құрылғанын атап өтті.

«Биылғы жылдың қазан айының соңында үйлестіру кеңесінің отырысы кезінде арнаны құру шешім қабылданды. Арнаның құрылымы басқарма, директорлар кеңесі және редакция құрамынан құралады. Телеарна хабарлары ағылшын тілді және түркі тілдес елдердің мемлекеттік тілдерінде таратылып, «Al Jazira», «Euronews» арналарының дәрежесімен тең халықаралық дәрежеге ие болады. Қазіргі уақытта сынаулық хабар таратулар жүргізілуде, көп ұзамай телеарна өз жұмысын бастайды», - деді З.Әлиев. Ол арнаны «Eurasia Life» деп атау қабылданғанын, бірақ оның өзгертілуі де мүмкін екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар