Н.Назарбаев: Жергілікті өзін-өзі басқару жұмысына ҚХА белсенді араласуы керек

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасын әзірлеуге Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді араласуы керек.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты ХІХ сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті,  Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев  осылай мәлім етті.

Сөз арасында Мемлекет басшысы Үкімет жергілікті өзін-өзі басқарудың тұжырымдамасын әзірлейтінін атап өтті. Бұл ретте, Елбасы тұжырымдамада жергілікті жерлердегі этникааралық, дінаралық өзара әрекеттестіктің барлық аспектілері қамтылуы тиістігін айтты.  «Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл тұжырымдаманы қабылдау барысына белсенді жұмыс жасауы керек»  -деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар