Н.Назарбаев Түркияның жаңа сайланған Президентін ұлықтау рәсіміне қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның жаңа сайланған Президенті Реджеп Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен министрліктің басшылық құрамының кезекті жұмыс жиыны өткен.

«26 тамыз күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеден одағына мүше мемлекеттер мен Украина басшыларының отырысына, сонымен бірге тамыз айының соңында Түркияның жаңадан сайланған Президенті Реджеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар